Әлем

НАТО Зеленскийдің өтінішіне жауап бермеді: Ресей енді кімдерге шабуыл жасайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО саммитінде сөйлеген сөзінде альянстан Украинаға альянстың барлық танктерінің 1 пайызын беруді сұрағанын, бірақ нақты жауап алмағанын telegram-арнасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Соғыс кезінде ең сорақысы – көмек сұрағанда нақты жауап бермеу», - деді Зеленский.

Президент бұдан бөлек Украинаның НАТО-дан жауынгерлік ұшақ сұрағанын, бірақ оны алмағанын айтып өтті.

Сонымен қатар Зеленский альянсты «айыптамайтынын» да айтты. Оның пікірінше, Ресей Федерациясы Украинамен тоқтап қалмай, НАТО-ның шығыс мүшелеріне, Польша мен Балтық елдеріне шабуыл жасайтынын атап өтті.