Әлем
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әскерінің Мариуполь әкімшілігі ғимаратының үстіне ту тіккенін Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жігіттер радио арқылы Мариуполь әкімшілігінің ғимаратын босатып, оның үстіне біздің туымызды тіккенін хабарлады. Тірі қалған қарақшылар тәуекелге бармай, дәстүрлеріне айналған позицияларын тастап, қашып кетті», - деп жазды ол.
Ал басқа бөлімшелер Мариупольге параллель бағытта қозғалып, оны «Азов қоқысынан тазартуда» деп жазды.