Bugin
141 ел соғысты дереу тоқтатып, Ресей әскерінің Украина аумағынан шығарылуына дауыс берді. Бес мемлекет қарсылық білдірді. Ал 35 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кезектен тыс шақырылған төтенше сессияда қаулы қабылданды. Құжатта күш қолдануды дереу тоқтату, сондай-ақ Ресейдің барлық әскерлерін Украинаның халықаралық мойындаған шекарасынан толық шығару талаптары бар. Сонымен қатар қарар Мәскеуді ДНР мен ЛНР тәуелсіздігін тану туралы шешімнің күшін жоюға шақырады.
«Бас Ассамблеяның жолдауы анық: Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатыңыз, қарудың дауысы өшсін, диалог пен дипломатияға шақырамыз. Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі БҰҰ Жарғысына сәйкес сақталуы керек. Жоғалтатын бір минутымыз да жоқ. Қазір Украина халқының жағдайы ауыр және одан да нашарлауы мүмкін», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Ал БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Батыс елдері қарарға дауыс беру үшін БҰҰ делегацияларының өкілдеріне тікелей қоқан-лоққы жасағанын айтты.