Bugin

Армения Әзірбайжанның Қарабаққа басып кіргенін мәлімдеді: Баку қақтығысты жоққа шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения Әзірбайжан әскерлерінің Таулы Қарабаққа шабуылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық Радиосының армян бюросы хабарлады. Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі жағдайдың шиеленіскенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлемде ешкім мойындамаған Таулы Қарабақ Әзірбайжан әскерлерінің Аскеранский ауданы, Парух ауылына қарай бағыт алып, шектесу сызығын бұзып кіргенін айтқан», - деп жазады басылым.

Кейін Парух пен Храморт ауылдарындағы жағдай Ресей әскерлерінің бақылауында екені хабарланды. Олар екінші қарабақ соғысы аяқталғалы бері, 2020 жылдың қарашасынан бастап осында болған.