Әлем
Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев АҚШ-тың енді ғаламшар қожайыны емес екенін РИА Новости мен RT арналарына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бір полярлы әлем аяқталды. Америкалықтар енді Жер шарының қожасы емес», – деді ол.
Сонымен қатар ол орысофобия туралы айтып, Еуропаның ресейлік газдан бас тарта алатынын да атап өтті. Бұдан бөлек Медведев Батыс елдерінің әрекетіне де баға берді.
Айта кетейік, биыл ақпанның соңында Украинаға басып кіргеннен кейін Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды.