Әлем
Миннесота хайуанаттар бағында Путин есімді 12 жастағы амур жолбарысы әдеттегі медициналық процедура кезінде жүрек талмасынан өлді, деп жазады Bugin.kz порталы Голос Америки Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Оның жүрегі ветеринарлар, мал мамандары мен зообақ қызметкерлерінің көмектескеніне қарамастан тоқтап қалған.
Жолбарыс 2009 жылы Чехияда туып, алты жыл Дания хайуанаттар бағында болған. Ал Миннесотаға 2015 жылы келген.
Ол Хайуанаттар бағы мен аквариумдар қауымдастығының (AZA) ұсынысы бойынша Амур жолбарысының популяциясын сақтауға көмектесетін үлгілер жинауды қамтитын профилактикалық скринингтен өтті.
«Команда бұл жануарды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», - деді хайуанаттар бағының өкілі.
Айта кетейік, амур жолбарысы - сирек кездесетін жануар.