Bugin

Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге шешім қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы қоғамдық тыңдау түрінде өтті. Бұл жайлы Orda.kz жазды. 

Мәселен, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді және спорт бөлімінің басшысы Шәйкенова өз баяндамасында қала әкіміне түрлі үкіметтік емес ұйымдардан Қапшағай қаласының атын «Дінмұхамед Қонаев» деп өзгерту туралы бастамашылық өтініштер түскенін айтты.

Олардың қатарында «Қамқор жүрек» және «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестіктері, «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі, «Отбасылық полигондар» қоғамдық бірлестігі, «Алматы облысының орыс орталығы», ұйғыр және кәріс этномәдени орталықтары, «Қапшағай жарқын болашақ» , «Аманат», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары, Кәсіпкерлер кеңесі бар. Шәйкенова Дінмұхамед Қонаевтың қаланың дамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, мәслихат депутаттарынан бұл ұсынысты қолдауды сұрады.

Қапшағай қаласының атын өзгерту мәселесін талқылау барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Беспаев, қаланың құрметті азаматы, тұңғыш құрылысшы Жен, кәсіпкер Авдинов, «Қапшағай жастар болашағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүлейменов сөз сөйледі.

Дауыс беру нәтижесінде қала атауын «Дінмұхамед Қонаев» деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.