Bugin

Владимир Жириновскийдің өлімі туралы ақпарат жалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей саясаткері, танымал тұлға, ЛДПР партиясының лидері Владимир Жириновский дүниеден озды деген ақпарат тараған еді. 76 жасына қараған шағында қайтыс болған көрінеді. Бұл жайлы ақпаратты Mash телеграм-арнасы сенатор, ЛДПР партиясының мүшесі Александр Пронюшкинге сілтеме беріп жазды.

Сондай-ақ, РБК сайты да өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап осындай хабар таратты. 

"Владимир Жириновский бүгін таңертең, сағат 10.45-те (Мәскеу уақытымен) көз жұмды. Саясаткер бір тәулік бойы комда жатты", - деп хабар таратты Mash телеграм-арнасы.

Алайда кейін Жириновскийдің қайтыс болғаны жайлы ақпараттың өтірік екені белгілі болды. Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Володин хабарды жоққа шығарды.

"В.Жириновскийдің халін уайымдап жатқан жандарға айтарым, саяси лидеріміз аман есен, уайымдамаңыздар. Бірақ жағдайы ауыр. Бүгін КТ жасатты. Уайымдап отырғанымыз рас. Дәрігерлер де қолынан келгенін жасап жатыр. Жалпы, өзі де қуатты жан екен", - деп жазды ол Телеграм-арнасында.

Сондай-ақ, ЛДПР партия фракциясы да бұл ақпаратты жоққа шығарды

В.Жириновский ауруханаға 2 ақпан күні түсіп қалды. Коронавирустан өкпесі қабынған. Шамамен, өкпенің 50-75 пайызы қабынған көрінеді.