Bugin

Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қарап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов 3 наурыз күні Бас прокуратураға барып әкесінің қастандықпен өлтірілгені жайлы қылмыстық іс қарауын өтініп, арыз жазған еді. Ал бүгін елдің Бас прокуратурасы аталмыш арыздың әлі қарауда жатқанын мәлімдеді.

Бұл жайлы ҚазТаг агенттігі жазды.

"Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр деген ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Қайрат Нұрқаділовтің арызы ведомствада әрі қарауда жатыр", - деп хабарлады бүгін мекеменің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрқаділов жаңа бас прокурор Берік Асыловтан әкесінің өліміне қатысты тың деректер тауып, қылмыстық іс ашар деген ниетпен арыз жазған еді. Мұны агенттікке берген түсініктемесінде айтқан.

Айта кетейік, Алматы қаласы мен Алматы облысының бұрынғы әкімі, саяси оппозиционер З.Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада қайтыс болған еді. Денесіне үш оқ тиіп, содан көз жұмды. Ресми тергеу деректеріне сүйенсек, З.Нұрқаділов өз-өзіне қол салған көрінеді.