Bugin
Субсанкцияланған ресейлік банкир Петр Авен бизнесі толығымен жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Біздің 30 жыл бойы салған дүниеміз толығымен қирап қалды. Ал біз қандай да бір жолмен жаңа өмір бастауға мәжбүрміз», - дейді Авен.
Авен соғысқа дейін байлығы 4,4 миллиард долларға бағаланғанын, алайда, қазір қалай аман қалу керек екенін білмейтінін айтты.
- «Маған тазалықшы немесе жүргізуші жалдауға рұқсат ете ме? Мен көлік жүргізе алмаймын... Тіпті, қалай аман қалуды түсінбеймін», - деді ол.
Кәсіпкер өзіне салынған санкциялардың негізі жоқ екенін, санкция салғандарға шағым түсіруді жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Қазір Авен заңгерлік кеңеске төлеуге жеткілікті қаражатты алу үшін британдық заңгер іздеуде. Алайда, жергілікті заңгерлер ресейліктермен жұмыс істегісі келмейді. Олигарх өз мәселелерінің шешімі тез табылатынан үмітті.
- «Маған санкцияларды өзгерту мүмкін емес деді», - дейді кәсіпкер.