Bugin

Ресей-Украина: Соғыстың қашан аяқталатынына болжам жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Николаев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Виталий Ким Украинадағы соғыс мамырға дейін аяқталуы мүмкін деген болжамға түсініктеме берді. Ол УНИАН агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Әрине, бұл оңай емес. Бірақ мен бұл пікірге қосыламын. Мен оған сенгім келеді. Соғысты ақша, логистика, адамдар жеңеді. Санкциялар кезінде оларда ештеңе қалмайды. Сонымен қатар, ресейліктердің көпшілігі соғысқысы келмейді, олар табысқа жете алмайтынын түсініп отыр», - деп атап өтті Ким.

Сонымен қатар, ол Украинаның қарулы күштері күшейіп, басқыншылар әлсіреп бара жатқанын айтты.

- «Сондықтан мен соғыстың тез аяқталатынына сенімдімін», - деп түйіндеді сөзін Николаев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы.