Bugin
Қоғам қайраткері және кәсіпкер Арман Шораев мемлекет басшысы қаңтар оқиғасынан неге сабақ алу керектігін жариялады. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Елде бәрі бұрынғыдай қалса, ол айтқан саяси реформалар шындыққа жанаспайтын уәде болып шықса, қаңтар трагедиясының сценарийі қайталанады. Ал бұл жолы Тоқаевтың өзі халықтың құрбанына айналады» - деді Шораев.
Кәсіпкер қаңтар оқиғасының артында ресейлік арнайы қызмет болуы мүмкін деген болжамымен бөлісті.
- «Қазақстандағы мұндай толқудан ресейліктер пайда көрді. Содан кейін «ақ боз ат мінгізіп», ҰҚШҰ әскерлерімен елге кіріп, жағдайды құтқарушы ретінде әрекет ете алатын еді» - деді ол.
Шораев Ресей Украинада жоспарланған «арнайы операциясы» кезінде Қазақстанды әскер жіберуге міндеттегісі келгенін айтты. Себебі, қаңтарда елдегі тәртіпсіздікті басуға бірінші болып көмек қолын созған Ресей.