Bugin
Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әскери ведомствода ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның хаттамалық кездесуі өтті.
- «Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде екі елдің қорғаныс ведомстволарының бітімгершілік және тілдерді оқыту, мамандарды даярлау саласындағы бесжылдық жоспар аясында өзара іс-қимылын талқылады», - делінген хабарламада.