Bugin
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқаны өтірік болып шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Украинская правда» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше ғана Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шойгудың Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқаны туралы ақпар таратып, біраз елдің құлағын көтерген еді. Алайда, «Новости» агенттігінің хабарлауынша, сол отырыстан берілген сюжетте қорғаныс министрі болмаған.
– «Қауіпсіздік кеңесі отырысының болғаны рас. Тек онда Шойгу болған жоқ. Сюжет монтаждалып, көрсетілді», – делінген хабарда.
Сюжетте Шойгу 3 және 11 наурыз күндергі киімдерімен «отырғаны» таспаға түскен.