Bugin
Nege.kz порталы «Назарбаев Университеті» (NU) мен оның басшылық құрамына қатысты бұған дейін бірнеше мақала жариялаған. Бұл жолы NU-ге қатысты жолдаған ресми сауалдарына ҰҚК-ден жауап келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Портал журналистері ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың атына ресми сауал жолдап, төмендегі сұрақтарды қойды:
1. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінен шығарылды ма?
2. «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дэвид Меркельдің К.Мәсімовпен байланысы бар ма?
3. К.Мәсімовті қорғау мақсатында ашылған karimmassimov.com сайтына Дэвид Меркельдің қандай қатысы бар? Бұл сайтты шығарушылар кімдер?
4. Назарбаев Университетінің» басшысыл немесе оқытушылар құрамында жеке басы анықталмаған «күмәнді адамдар» бар ма?
Осы сұрақтарға ҰҚК-нің бөлімше бастығы С.Ахметқалиев жауап берді.
«К.Мәсімовтің «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесіндегі қоғамдық лауазымы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүйесіне кірмейді.
Ашық дереккөз мәліметіне сәйкес karimmassimov.com сайты 2022 жылғы 16 ақпанда құрылған. Сайттың авторлық құқықтар бөлімінде АҚШ азаматы Дэвид Меркель көрсетілген.
Басқа мәселелер бойынша мәліметтер жоқ екенін хабарлаймыз», - дейді ол.