Әлем
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаның ІІМ-не шекараны қорғауды, құқықтық тәртіпті сақтауды және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету үшін 100 миллион доллар қосымша көмек бөлуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігінің мүмкіндіктерін жақсарту үшін азаматтық қауіпсіздікке қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуге ниетті», - делінген Блинкен мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Украинаға гуманитарлық көмекті қаржыландыруға қосымша бір миллиард доллардан аса қаражат бөлуге дайын екендігі хабарланған болатын.