Әлем
Ресей билігі Украина президенті Зеленскийдің ресейлік басылымдарға берген сұқбатын көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ресейлік «Медуза», «Дождь» және «Коммерсант» басылымдарының журналистері Владимир Зеленскиймен онлайн сұқбат жүргізді. Журналистер мен Украина президенті арасындағы әңгіменің толық нұсқасы жария болғанға дейін Роскомнадзор бұл туралы жариялауға тыйым салды.
Алайда сұқбат ашық дерекөздерде пайда болды.