Әлем

АҚШ-тың Ресейдегі режимді өзгерту жоспары бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ-тың Ресейдегі режимді өзгертуге қатысты стратегиясы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазір Израильде сапарда жүрген Энтони Блинкен бір күн бұрын Варшавада АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді. Байден Украинадағы қақтығыс туралы сөйлеген сөзінде: «Құдай разылығы үшін бұл адам билікте қала алмайды» деді.

«Менің ойымша, президент, Ақ үй кеше толық мәлімдеме жасады. Путиннің Украинаға және басқаларға қарсы соғыс бастауына немесе агрессияға баруына құқығы болмауы керек. Өздеріңіз білетіндей, біз бұл туралы үнемі айтып келеміз. Ресейде де, басқа жерде де режимді өзгерту стратегиясы жоқ», - деді Блинкен.

Байденнің мәлімдемесіне Ақ үй де түсініктеме берді.

«Президенттің көзқарасы Путинге көршілеріне қарсы күш қолдануға жол бермеу керек еді. Ол Путиннің Ресейдегі билігін немесе режимді өзгертуді меңзеп тұрған жоқ», - деді Ақ үй қызметкері.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61