Bugin
Димаш Құдайберген Дубайда өткен концертінде соғысты бастаушы президенттерге қарсы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Шынында әлемде не болып жатыр? 21 ғасырда адамдар әлі де жауласуда, әлі де бір-бірін өлтіруде. Көптеген ересек адамдар өздерін балалардан ақылды санайды. Олар балаларға өмір сүруді, тамақ жеуді, т.б. үйретеді, тәрбие береді. Бірақ ересектер балалардан үлгі алуы керек.
Бірнеше адамның шешіміне бола миллиондаған жазықсыз балалардың қаза болғанын көрдік. Ал бірнеше баланың шешімінен миллиондаған ересектер ешқашан өлген емес. Сонда кім ақылдырақ?» - деді Димаш.
Әнші осы ретте соғысты бастаушы мемлекет басшыларына өз ескертуін жасады.
«Соғысты бастайтын әр президент Құдайдан жоғары емес екенін түсінуі керек. Үлкен емес. Ол бар болғаны адам. Мен осы жайлы айтқым келді, себебі бізге бейбітшілік керек.
Мен барлық мемлекеттерді, барлық ұлттарды жақсы көремін! Шынымен! Бірақ мен соғыссыз әлемді таңдаймын», - деді әнші.