Bugin

ЛХР басшысы ойын айтты: республика Ресей құрамына қайта кіре ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ЛХР басшысы Леонид Пасечник республиканың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Менің ойымша, жақын арада республика аумағында референдум өткізіледі, онда халық өзінің абсолютті конституциялық құқығын жүзеге асырады және Ресейге кіруге қатысты өз пікірін білдіреді», — деді ол.

РИА Новости басылымының мәліметінше, ақпан айының ортасында КХДР мен ҚХР басшылары Ресейге тәуелсіздігін мойындауды өтінді. Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы Жарлықтарға қол қойды.