Илон Маск жаңа әлеуметтік желі ашатынын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск жаңа әлеуметтік желі құру туралы ойланып жүргенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Маск әлеуметтік желідегі парақшасында цензура мен үгіт-насихат мәселесін бірнеше рет көтерген. Жазбалардың бірінде жазылушы Tesla басшысы насихат аз болатын жаңа әлеуметтік желі құруға дайын ба деп сұрады.

- «Мен бұл туралы шындап ойлап жүрмін. Маған жаңа платформа керек пе?» - деп жауап берді Илон Маск.

Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электр көліктері мен оларға қатысты технологияларды әзірлеуші ​​және өндіруші ретінде құрылған.

Электр көліктерінен басқа, компания өз технологиясын қолдана отырып, аккумуляторлар мен электр қозғалтқыштарын шығарады және оны Toyota және Daimler сияқты басқа автомобиль компанияларына сатады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61