Bugin
Орал халықаралық әуежайы Қазақстаннан Кеңес Одағының Батыры атанған тұңғыш әйел Мәншүк Мәметованың құрметіне ресми түрде өзгертілді. Тиісті қаулы Үкіметтің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Орал халықаралық аэропорты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін» - делінген құжатта.
Әуе айлағын атауды өзгерту туралы ұсынысты Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары 2021 жылдың қазан айында ұсынған болатын.
Мәншүк Мәметова (1922-1943) – Батыс Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, өз еркімен майдан даласына аттанған. Калинин майданының 3-ші соққы армиясының 21-гвардиялық атқыштар дивизиясының пулеметшісі.