Bugin

Лавров Путин мен Зеленский арасында келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен Украина Президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы келіссөздер міндетті түрде жүргізілуі қажет. Алайда, Мәскеу үшін маңызды талаптарға орай, оларды ұйымдастыру мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Барлық негізгі мәселелер бойынша нәтиже анық болған кезде Путин мен Зеленский кездесуі қажет», - деді РФ СІМ басшысы.

Ресей тарапы үшін Луганск және Донецк халық республикаларының, Қырым түбегінің мәртебесі, Украинаны демилитаризациялау және деазификациялау мәселелері басымдық болып қала береді.