Bugin

Қазақстанда дәрігерлердің еңбекақысы өседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жылға дейін дәрігерлер жалақысы қайта өседі. Енді ақ халаттылардың табысы орта есеппен 550 мың теңгеден асатын болады. Ол Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен кездесу кезінде айтты, деп жазады Orda.kz сайты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда сегіз жоғары оқу орны республиканың білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген 60-тан астам медициналық мамандық бойынша білім береді.

«Жыл өткен сайын мамандықтың беделі артып, медицинаға қызығушылық танытатын жастар көбейіп келеді. Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 9 мыңнан астам маман бітіреді. 2021 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі грант құнын өсірді, бұл медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын, жүйелі түрде арттыруға көбірек көңіл бөлінуде. 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 550 мың теңгеден асады және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады» деді министр.