Bugin

Ерлан Қарин: «Қаңтар оқиғасы» процесті жылдамдатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Ақорда адамдардың не үшін көшеге шыққанын түсінетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол президент айтқан «Жаңа Қазақстан» ұғымына толық сипаттама беріп, елдегі әлеуметтік ахуалды билік органдары түсініп отырғанын, мемлекет басшысының жолдауындағы аталған реформалар «Қаңтар қырғыны» оқиғасына себеп болған мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

– Президент халық жағдайын түсінгендіктен жаңа реформалар жариялады. Бұл реформалар «Қаңтар оқиғасына» берілген жауап іспеттес. Жаңа реформалардың қолға алынуына тек «Қаңтар оқиғасы» себеп болды дей алмаймыз. Жолдаудағы бастамалардың біршамасы қаңтарға дейін де жоспарланған. Бірақ «Қаңтар оқиғасы» процесті жылдамдатты. Үлкен саяси-әлеуметтік өзгерістер қолға алынды. Бұның бәрі билік пен қоғам арасындағы ашық қарым-қатынас орнатуға бағытталған, – деді мемлекеттік хатшы.

Ерлан Қарин наурыз айындағы мемлекеттік басшысының жолдауын алдын-ала ешкім білмегенін, залдағы әкімдер мен министрлердің реакциясы шынайы болғанын атап өтті. Мемхатшының айтуынша, жолдауда халық күтпеген өзгерістер орын алған.