Bugin

Apple компаниясы Қазақстанның өтінішін орындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Apple компаниясы Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өтінішін орындады. Атап айтқанда, ел азаматтарына тиесілі телефон нөмірлерінің атауына енді Ресейдің емес, Қазақстан елінің аты жазылмақ.

Министрліктің дерегінше, бұған дейін "Ресей Федерациясы" деп шығып жүрген "+77" және "+76" халықаралық кодтары енді "Қазақстан" атауымен шықпақ. 

Компания iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдар үшін бұл проблеманы реттеді. Енді қазақстандық абоненттерді терген кезде елдің атауы дұрыс көрсетілетін болады.

"Apple техноалыбымен бірге қазақстандықтарды біраздан бері алаңдатқан мәселені пысықтадық. Айта кету керек, компания өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытты. Нәтижесінде, қазақстандықтардың көкейінде жүрген бір мәселе шешілді, оның үстіне әлемдік технологиялық лидермен ынтымақтастығымыз нығая түсті", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновацялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.