Bugin
«Еуропа Плюс Қазақстан» радио жүргізушісі Любовь Пановаға қатысты қылмыстық іс ашылды. Бұл жайлы Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТаг агенттігі.
«Алматы қаласы полиция департаменті ПД Тергеу басқармасының аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізімінде ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабар таратты баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, радио жүргізушісі Любовь Панова есімді азаматша өзінің Facebook әлеуметтік желісінде 26 наурыз күні «Вова ағайды көмекке шақырамын» деп сес көрсеткен жазбасы желі қолданушыларын дүрліктіріп жіберген еді. Бірақ жазбада Панова «Вова ағай» деп кімді меңзеп отырғанын нақты айтпаған. Алайда жазбаның өзі Ресей мен Украина арасындағы соғыс жөніндегі талқылау аясында айтылғандықтан, кім екенін аңғару оңай емес.
Желідегі осы дау-дамайдың кесірінен Любовь Панова «Еуропа Плюс Қазақстан» радиосынан жұмыстан қуылған. Енді міне, оған қылмыстық іс ашылып отыр.