Bugin

Ресейде соңғы тәуелсіз БАҚ жабылып тынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде «Новая газета» басылымы Украинадағы соғыстың кесірінен жабылды.

«Роскомнадзордан (Бақылаушы орган – ред.) тағы бір ескерту алдық. Сондықтан «Новая газета» басылымының газет нұсқасы мен сайтын жабуға туралы келеді. Украина аумағындағы «арнайы операция» біткеннен кейін ашылуымыз мүмкін. Құрметпен «Новая газета» ұжымы», - деп хабар таратты Телеграм-арнасында.

Айта кетейік, Ресейде БАҚ туралы заң күшейтіліп, Украинадағы соғыс жайлы дезинформация таратқан журналистерге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілмек. Ал Кремль билігінің саясатына сын айтқан басылымдар шетінен жабылып қалды. «Дождь» телеарнасы, Медиазона, Эхо Москвы, Открытая медиа, Медуза сынды тәуелсіз БАҚ-тар жабылып қалды. ВВС-дің орыс қызметіне де шектеу қойылды. Енді міне бұл қатарға соңғы тәуелсіз басылымдардың бірі «Новая газета» қосылды.

«Новая газета» басылымның бас редакторы әрі Нобель сыйлығының иегері Дмитрий Мурадов «журналистердің тағдырын қатерге тіккім келмейді, Кремльдің саясатын дұрыс түсіндірмегені үшін аяқ астынан 15 жылға сотталып кетуі мүмкін, мен осыдан қорқамын» деген еді осыған дейін.

Басылымды жабуына да осы себеп болса керек.