Bugin
Украина әскері Киев облысындағы Ирпень қаласын басқыншылардан азат етті. Бұл жайлы қала әкімі Александр Маркушин мәлімдеді.
«Өзіміздің Ирпень қаласы ресей әскерінен азат етілді! Украина, абыройың ассын! Қаланы қорғаған жауынгерлерге атақ-даңқ! Қаза болған сарбаздардың рухына бас иеміз!», - деді Маркушина видеоүндеу жолдап.
Оның айтуынша, қазір қаланың ішінде ресей әскерінен қалған сарбаздардың көзін құрту жұмыстары жүргізілуде. Ресей әскері тағы да шабуыл жасауы мүмкін деген күдік барын да айтты.
«Қалаға шабуыл жасалары анық. Біз де бере қоймаймыз, ақтық деміміз қалғанша қорғаймыз», - деді мэр.
Ирпень қаласы – Киев қаласынан 44 шақырым жерде жатқан, 60 мың халқы бар қала.