Bugin

Ресей ЕуроОдаққа талап қойып, қорқытуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуроодақ газды рубльмен төлемесе, Ресей Еуропаға газды тоқтатамыз деп қорқытты. Бұл туралы америкалық PBS телекомпаниясының эфирінде Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Ол Мәскеу газды «тегін» жібермейтінін мәлімдеді.

- «Олар бұл мүмкіндіктен бас тартқанда не болатынын білмеймін. Соңғы шешімді білген бойда біз не істеуге болатынын зерттейміз. Дегенмен, әрине, біз бұл тұрғыда қайырымдылықпен айналыспаймыз, Батыс Еуропаға тегін газ жібермейміз», - деді ол.

- «Төлем жоқ - газ жоқ», - деп ескертті Песков.

G7 ресейлік газды рубльмен жеткізуден бас тартатынын ресми түрде жариялады. Өйткені бұл Кремльдің біржақты шешімі және келісімдерді анық бұзу болып табылады.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен түсіндіргендей, газды мұндай валютамен төлеу Украинаға қарсы басталған соғыс үшін Ресейге қарсы енгізілген санкциялар режимін бұзу болады.

Сарапшы Вадим Денисенконың айтуынша, Путин бұл шешімімен рубльді нығайтып қана қоймай, Ресейдің ішкі жалпы өнімінің құлдырауын да түзетті. Батыстың Кремльге тигізетін бірден-бір елеулі соққысы – мұнай эмбаргосы.