Bugin
Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович Стамбулда Украина делегациясының өкілі Рустам Умеровпен және Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калинмен кездесті. Украина президенті Владимир Зеленский олигарх Роман Абрамович арқылы Кремль иесіне бейбітшілік шарттары жазылған нотаны тапсырды, деп жазады Bugin.kz порталы The Times басылымына сілтеме жасап.
Түрік тарапы басып алынған Донбасс пен Қырым аумақтарын Мәскеудің «ұзақ мерзімді жалға алуына» беруді ұсынды.
- «Олар алдағы бетпе-бет келіссөздерде ілгерілеушілікке қол жеткізген сияқты, ол осы аптада жалғасуы мүмкін», - деп жазды БАҚ.
Алайда, Зеленскийдің бейбітшілік шарттары жазылған нотасын алған Путин Абрамовичке «Оған айт, мен оларды құртамын», - деп жауап берді.