Bugin

Байден Путин туралы: «Оған енді кеңесшілері де әсер ете алмайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путин билікте қала алмайды деген сөзінен бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап. 

- «Мен айтқан сөзімнен ештеңені өзгертпеймін. Путиннің мінез-құлқы мен әрекетіне моральдық наразылық білдірдім», - деді Байден.

Сондай-ақ, АҚШ президенті айтылған сөздері үшін кешірім сұрамайтынын жеткізді.

- «Мен айтарымды айттым. Бұл адамға деген моральдық ашуымды білдірдім. Саясатты өзгерту туралы жақ ашпадым. Егер ол осы бағытты жалғастыра берсе, шеттетілген адамға айналады деп ойлаймын. Оның не ойлайтыны маған бәрібір. Ол не істей алады», - деді Байден журналистің Путин бұл сөзді шиеленіс деп қабылдамай ма деген сұрағына жауап беріп.

- «Оның соңғы мінез-құлқын ескере отырып, адамдар оның өзі ойлаған нәрсені ғана істейтінін түсінуі керек. Оған басқа ешкім, өкінішке орай, өзінің кеңесшілері де әсер етпейді. Бұл жігіт өз шындығында өмір сүреді және оның не  істеп жатқаны қисынсыз» - деді Байден.