Әлем

Польшаның неліктен Ресейге қарсы санкциялар енгізгісі келмейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшаның бұрынғы сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Варшава Еуроодақтың басқа елдерінен Ресейге қарсы санкция салуды талап етіп отырғанын, бірақ Мәскеудің өзіне экономикалық қысым көрсету шараларын қолданбағанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Батыстың өздеріне ауыр тиетін санкциялар енгізіп жатқанына алаңдаймын. Алайда Польшаның қандай санкция салғаны есімде жоқ», - деді ол.

Бұған дейін Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Еуроодаққа Ресейге қарсы санкциялар аясында барлық ресейліктерге виза беруді тоқтатуды ұсынған.

Айта кетейік, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин көмек сұраған ЛХР мен ДХР басшыларына жауап ретінде Украинада арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Ал операцияны өткізу туралы шешім АҚШ пен оның одақтастарының Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуіне себеп болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61