12 жыл бұрын парамен сотталған әкім халыққа тиесілі жерлерді сатып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу ауылының әкімі халыққа тиесілі жерлерді заңсыз сатып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Арнаның хабарлауынша, халыққа құлақ асатын әкім жоқ.

Шарасыз адамдар әкімнің кабинетіне басып кіруге дейін барған. Тұрғындар әкім халықтың шаруашылықпен айналысатын жерін байларға сатуына оның аудандағы лауазымды қызметте отырған күйеуі көмектесетінін айтып жатыр.

«Күйеуі Әбдіәкім Қарабалаев ауданда жер маманы болып лауазымды қызметте істейді. Өздері келісіп алып, артық жерлерді ешкімнің рұқсатынсыз конкурсқа қойып жатыр. Ал ол жерлердің барлығы халықтікі», - деді Келес ауданының тұрғыны Қажымұқан Тұяқов.

Байлардың қолына өтіп кеткен шаруашылық жерлерді халық егіс үшін жалға алуға мәжбүр.

«Біз жыл сайын 250-300 мыңға егіс егу үшін жерді жалға аламыз. Тіпті былтыр диқаншылықтан дағдарысқа ұшырадық», - деді аудан тұрғыны Құдабай Нұрбаев.

Халыққа құлақ аспайтын әкім бұған дейін 12 жыл бұрын осында пара алды деген күдікпен 10 жыл түрмеде отырып, артынша ақталып, қайта қызметіне кіріскен.

«Жердің конкурсына біз қатыса алмаймыз. Менің міндетім тек бос жатқан жерді анықтап, конкурсқа ұсыныс беру. Ар жағы жер бөлімінің жұмысы. Егер менің жұмысым елді күдіктендірсе құқық қорғау органдары бар. Егер шынымен кінәлі болсам мені қызметімнен алып тастайды», - деді Бірлесу ауылдық округінің әкімі Қарашаш Еркінбекова.

Әкім келесі жылға дейін лауазымында қалады. Ол елде дүрбелең шығарғандарды сотқа беруге ниетті. Ал тұрғындар облыс әкімі мен прокуратураға арыз жазып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61