Әлем

Макрон бүгін Путинмен қайта сөйлесуді жоспарлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция президенті Эммануэль Макрон бүгін, 29 наурызда Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Франция СІМ ресми өкілі Анн-Клэр Лежандре мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tass.ru сайтына сілтеме жасап.

«Президент Макрон сейсенбіде Владимир Путинмен қайта сөйлесуді жоспарлап отыр», - деді ол BFM телеарнасында.

Оның айтуынша, алдағы әңгіме барысында Макрон Путинмен Греция мен Түркияның қатысуымен Мариупольден адамдарды эвакуациялау бойынша жоспарланған гуманитарлық операцияның егжей-тегжейлерін талқылайды деп күтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Макрон мен Путин 22 наурызда телефон арқылы сөйлескен болатын.