Bugin
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын», - деп жазылған ҚР президенті Қ.Тоқаевтың қол қойған бүгінгі құжатында.
Е.Жамаубаев қаржы министрі болып 2020 жылы мамыр айында тағайындалған. Оған дейін аталмыш ведомстваның жауапты хатшысы, президент көмекшісі қызметтерін атқарған.