Бұл келіссөздердің де еш пайдасы болмайды - Рамзан Қадыров

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияда Ресей мен Украина делегациялары арасында өтіп жатқан келіссөздерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram-каналында бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қадыровтың айтуынша, келіссөздер нақты нәтиже бермейді.

«Менің ойымша, бұл келіссөздердің еш пайдасы болмайды. Біз бастаған ісімізді толығымен аяқтауымыз керек деп есептеймін. Содан кейін ғана не істеу керектігін шешу керек», - деді ол.

Айта кетейік, Ыстамбұлда Долмабахче сарайында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталды.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 28 ақпанда өтті. Одан кейін делегациялар тағы екі рет кездесіп, содан соң ғана келіссөздер процесі бейне форматқа көшті.

Сонымен қатар Анталиядағы дипломатиялық форум аясында екі мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61