Қоғам

Министрік мәлімдеме жасады: Төртінші оқу тоқсаны қалай өтеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады.

«Алдағы тоқсанның тағы бір ерекшелігі бар. Жақында ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша кабинеттік жүйеге қайта көшу туралы шешім шығарылған болатын. Бұл дегеніміз, бұған дейін оқушылар бір кабинетте отырып, сабақ оқыса, төртінші тоқсанда физиканы физика кабинетінде, математиканы математика кабинетінде, химияны химия кабинетінде оқиды», - деді Кәрімова.

Сонымен қатар қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі.

«Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы», - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61