Bugin

Арестович Рамзан Қадыровтың өтірігін ашты (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Шешен басшысы Рамзан Қадыровтың әлеуметтік желіде «Украинада намаз оқып жатқан» суретін жариялағанын айтып, оның бұл әрекетін сынға алды. 

Ол жазбасына «Рамзан қалай әшкере болды?» деп тақырып қойып, Украинада «Роснефть» жанар-жағармай құю стансаларының атымен жоқ екенін айтты.

«Қадыров Украинада дұға жасап жатыр екен-мыс. Бірақ біздің елде «Роснефть» жанар-жағармай құю стансасы жоқ, дон», – деді ол.