Әлем
АҚШ президенті Джо Байден линчті федералды өшпенділік қылмысы деп қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа заң жобасы өлімге немесе ауыр дене жарақатына әкеп соқтыратын өшпенділік қылмысын жасау үшін кез келген қастандыққа линч ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Ақ үйдегі қол қою рәсімінде Байден АҚШ-та орын алған линчтің террор екенін айтты.
Линчинг – қылмыс жасады немесе әлеуметтік әдет-ғұрыптарды бұзды деген күдікке ілінген адамды сотсыз немесе тергеусіз, әдетте көшедегі қалың жұртшылықпен дарға асу арқылы өлтіру. Бұл әсіресе АҚШ-та Азамат соғысынан кейін қара нәсілділерге қарсы қолданылды.
Вице-президент Камала Харрис Калифорнияда АҚШ сенаторы қызметін атқара отырып, Эмметтке дейін Линчингке қарсы заңның демеушісі болды. Ол Линчингке қарсы заң АҚШ Конгресіне 200 рет түскенін атап өтті.
Айта кетейік, заң Чикаголық 14 жасар қара бала Эмметт Тиллдің есімімен аталды. Оны 1955 жылы Миссисипиде бір топ ақ нәсілді адамдар 21 жастағы ақ нәсілді әйелге ысқырды деген айыппен айуандықпен өлтірген.