Әлем
Өзбекстан мен Түркия 29 наурызда кеңейтілген әскери келісімге қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркия Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл құжатқа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға сапары барысында қол қойылды. Құжатқа түрік тарапынан - Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, өзбек жағынан - қорғаныс министрі Баходыр Курбанов қол қойды.
Аталмыш құжаттың мәні неде екенін қос тарап та ашып айтпады. Дегенмен Ташкентте өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Ердоған Түркия мен Өзбекстан арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында келісімдерге қол қойылғанын, бұл елдердің «үлкен әлеуеті» бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар Өзбекстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге - жан-жақты стратегиялық серіктестікке көтеру туралы шешім қабылдады.