Әлем

Сирия билігі Ресеймен рубльмен сауда жасауға дайын екенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирияның Ресейдегі елшісі Рияд Хаддад «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасын» тану ықтималдығын, сондай-ақ Ресеймен рубльмен сауда жасауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Сирия екі республикамен халықтың игілігі үшін ынтымақтасады және ортақ мүддеге сай болса, бұл ынтымақтастықты кеңейтуге дайын», - деді Хаддад.

Ол сондай-ақ ресей рублін пайдалану мәселесі талқыланып жатыр ма деген сұраққа жауап берді.

«Сирия бірінші болып әлемді доллар гегемониясынан бас тартуға шақырды. Өйткені ол АҚШ-тың әлемдік экономикалық жүйедегі гегемониясының негізгі құралы болып табылады. 2011 жылдан бастап Сирия өзінің валюта қоржынына ресейлік рубль мен қытай юанін қосты», - деді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61