Әлем
Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресейге қарсы санкциялардың бумеранг сияқты Батысқа қайта оралып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жаһандық инфляция өсіп жатыр. Еуропада рецессия басталып, бүкіл әлемге таралуы мүмкін сияқты. Жанармай бағасы адам сенгісіз жылдамдықпен өсіп жатыр. Батыс елдерінің көшбасшыларының мәлімдемелеріне қарамастан, мұндай құлдырауды барлық мемлекеттер сәтті жеңе алмайтыны белгілі шығар», - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Медведев санкциялардан әлі нәтиже шықпағанын атап өтті. Оның айтуынша, банктерді бұғаттау айтарлықтай нәтиже бермеген. Ал ресейлік энергия ресурстарын экспорттауға тыйым салу қарапайым батыс тұтынушыларына ғана әсер етті.