Bugin

Қазір несие алуға мүлде болмайды – экономист

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда несие алушылар екі есе өскен. Бұл жайлы Айқын редакциясы AstanaTV-ге сілтеме жасап жазды.

Тұрғындар ақпан айында екінші деңгейлі банктерден 600 млрд теңгеден астам кредит рәсімдеген. Ұлттық банктің мәліметінше, биыл кредит рәсімдеушілердің қатары 66 пайызға артқан. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Тұтынушылық несие алғандардың көшін алматылықтар бастап тұр. Мұнан соң Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласының тұрғындары бар.

Ал экономистер қазіргі жағдайда кредит алудан мүлдем бас тартуға шақырады. Себебі, қаржы тұрақсыздығы кезінде қарыз алу тиімсіз.

«Орталық банк 13 жарым пайызға дейін базалық пайызды көтеріп тастады. Ал несиелердің пайыздары тіпті өсіп кетті. Қазір тіпті тұрмыстық техниканың өзін бөліп төлеуге алуды тоқтатты. Оның өзі арнайы кредитке рәсімдеу ғана бар. Кепілсіз берілетін несиелер 3-5 млн-ға дейін. Оның барлығының пайыздары қазір 55-54 пайызға дейін беріп жатқан банктер бар. Ал ол өте-өте жоғары пайыздар. Ондай пайыздармен несие алуға мүлдем болмайды», – дейді экономист Мақсат Халық.

Былтыр тұтынушылық қарыздардың сомасы 5 триллион теңгеден, ал ипотека – 3 триллион теңгеден асқан.