Bugin
Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу арасындағы шиеленіс Кремль басшысына Ресей қарулы күштерінің Украинадағы нақты шығыны туралы айтылмағандықтан күшейіп отыр. Бұл туралы New York Times газетіне америкалық барлау мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Путин соғыс қимылдарының барысы туралы ақпараттардан толық хабардар болмауы мүмкін.
Ақ үй Путиннің кеңесшілері шабуылдың сәтсіздігі мен Батыс санкцияларының нақты салдары туралы айтпай, оған жалған ақпарат беріп жатқанын атап өтті. Журналистер Ресейдің әскерлерді шығару туралы мәлімдемесінен кейін Черниговты бомбалау да «Кремль хабарламаларындағы тәртіпсіздікті көрсетеді» деп болжайды.
Алайда Путиннің түпкі мақсаты әлі де бұлыңғыр, деп атап өтті басылым.