Bugin

Байбек пен Нығматулиннің үстінен іс қозғалғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы «Выход к правде» Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

- «Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр» - делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.