Әлем

Украина Ресейдің талаптарын орындауға келісті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путиннің көмекшісі, Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский Украина Ресейдің НАТО-ға мүшелікке кірмеу және шетелде әскери база орналастырудан бас тарту талабына келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Украина қағаз бетіне түсірілген келісім жобасын берген. Келісімде НАТО-ға кірмеу, Украинаның мәртебесін тіркеу, ядролық қарудан бас тарту, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруларын иелену, жасау және сатып алудан бас тарту, шетелде әскери базалар мен әскери контингентті орналастырмау қарастырылған.

«Яғни, Украина Ресей соңғы жылдары талап еткен талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді», – деді Мединский.