Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Аяла» қоры құрылғалы бері қайырымдылық мақсатқа 5 млрд теңгеден астам ақша жұмсады. Бұл қаражат бала өлімін азайтуға, оқушыларға кәсіби бағдар беруге және ерекше балаларға көмек көрсетуге бағытталды. Игі істерге демеушілерді тартып, қайырымды жандар мен мұқтаж адамдардың ортасындағы алтын көпірге айналды. Биыл қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.
«Аяла» қоры 2007 жылы ашылғанда нәтижеге жұмыс істеуді мақсат тұтты. Қайырымдылыққа аударылған ақшаны бір жолғы көмекке емес, жылдар бойы жүмыс істейтін жобаларға жұмсады. Қазірөткенге көз жүгіртіп, қордың атқарған ісіне зер салсақ, осы мақсаттың орындалғанына куә боламыз. Ең басты нәтиже – жүздеген мың баланың өмірі сақтап қалуға ықпал етті. Қордың бастамасымен орнаталған жабдықтардың арқасында нәресте өлімін азайды. Бұны Денсаулық сақтау министрлігі де атап өткен еді.
- «Біз балалар реанимациясымен айналысамыз. Жүздеген мың бүлдіршіннің өмірін құтқарып, денсаулығын сақтайтын медициналық жабдықтар орнатамыз.Өткен жылы 12 перинаталдық орталыққа 80 құрал-жабдық сатып алынды. Бұл біздің қайырымдылықпен жүйелі түрде айналысатынымыздың көрсеткіші. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтасып, үнемібірлесіп жұмыс істейміз» - дейді AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Қор медициналық техника сатып алуға және орнатуға былтыр 216 млн теңгежұмсаса,15 жылдың ішінде 2,2 млрд теңгеден қаражатты бағыттаған. Мысалы, елімізде автоматты гипотермия аппараттары сатып алынды. Бұл аппарат оттегі тапшылығымен туған нәрестерлердің миын зақымданудан қорғайды. Сондай-ақ, ретинопатиямен шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтап қалатын құрылғылар әкелінді. Алдағы 5 жылдамыңдаған нәрестенің өмірін құтқарып, мүгедектіктің алдын алары сөзсіз.
- «Аяла» қоры «Тыныс ал, балақай» атты бағдарламасы шеңберінде бізге 15 сипап орнатты. Мұндай фото-терапия аппараттары бізге өте қажет болатын. Қосымша тағы бір құралдар керек еді. Соның бәрін «Аяла» қоры бізге жеткілікті мөлшерде сатып алып берді. Салмағы 500-ден 999 граммға дейін 10 бала туылса, соның 7-8 бала тірі қалады. Қордың алып берген құралдарының арқасында осындай шала туған балаларды күтіп-бағуғамүмкіндік туды» - дейді Алматы қаласының қалалық перинаталдық орталығы Салтанат Ерболатова.
Мекемені сапалы аппаратпен қамтамасыз ету өз алдына, балалардың өмірі үшін күресетін дәрігерлердіңде біліктілігін арттырып отыру да маңызды. Ұйымнеонатолог, ортопед, кардиохирург, реаниматолог секілді мамандарға арнайы курс ұйымдастырды. Осы шаралардың арқасында ақ халаттылар 200 мыңға жуық баланың өмірін аман сақтап қалды. Бұл игі іс ата-аналардың ғана қуанышы емес, қор өкілдері мен демеушілердің де ортақ жетістігі.
- «Бала дүниеге келген кезде денсаулығында ақау болса, уақтылы көмек көрсететін құралдар жеткіліксіз. Болған күннің өзінде кейде істемей қалады. Ол арзан дүние емес. Аяланың жобаларын қолдаймыз. Біздің елде ең басты құндылық адамның өмірі. Біз бұл жобаларға қол қусырып, қарап отыра алмаймыз. Шетте қала алмаймыз. Ең маңызды жоба болған соң қолдап отырамыз» - дейді Halyk Bank баспасөз қызметінің маманы Досбол Арыстанбеков.
Сондай-ақ, «Аяла» қоры жеткіншектермен де жұмыс істейді. Балалар үйі мен мектеп-интернаттарда өсіп жатқан балаларға кәсіби бағдар беру үшін әр түрлі шаралар ұйымдастырады. Айта кетерлігі, қор демеушілерден жиналған қаражатты түгелдей қайырымдылыққа жұмсайды. Ал, әкімшілік шығындарды құрылтайшыөтейді. Ашықтық және есепшілдік принципі - қордың тағы бір артықшығы. Ayala.kz сайтында 2007 жылдан бергі қаржылық жәнеKPMG тексерген барлық аудиторлық есептер бар.Бұл қордың тиімді қайырымдылықтың жоғары стандарттарын қалыптастырғанын көрсетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61