Әлем
Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің кездесуі жақын арада өтуі мүмкін. Өйткені Ресей тарапына маңызды оқиғалар қамтылған құжаттар пакеті ұсынылды. Бұл туралы Украина президент кеңсесі басшысының кеңесшісі, келіссөздер делегациясының мүшесі Михаил Подоляк мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы vesti.ua сайтына сілтеме жасап.
«Олар, негізінен, президенттердің кездесуіне дайындықты қазірдің өзінде бастауға болатынын айтты. Алайда нақты қашан болатынын белгісіз. Өйткені ресейліктер біздің ұсыныстарымызды қарап, қандай да бір жауап беруі керек», - деді Подоляк.
Айта кетейік, бір күн бұрын Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің кездесуін өткізуге қажетті құжаттар қазірдің өзінде дайын екенін айтқан болатын.
«Құжаттар пакеті қазірдің өзінде дайын. Біз президенттердің кездесулерін дайындықты бастай аламыз. Мұны мүмкіндігінше тезірек жасағымыз келеді», - деді ол.
Сонымен қатар Украинамен келіссөздердегі ресейлік делегацияның басшысы Владимир Мединский Украина мен Ресей президенттерінің кездесуі екі ел арасындағы бейбіт келісімге қол қою үшін мүмкін екенін айтты.