Әлем

Таулы Қарабақ: Пашинян Әзірбайжанды айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанды Таулы Қарабақта тұратын барлық армяндарды депортациялауға тырысты деп айыптады. Бұл туралы ТАСС жазады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Пашинянның айтуынша, Баку Қарабақ жанжалын шешуге емес, «жабуға» ұмтылады.

«Аскеран ауданы Парух ауылынан басталған операцияның жалғасатыны анық. Іс жүзінде Әзірбайжан Таулы Қарабақтан барлық армяндарды депортациялауға тырысуда, осылайша бұл мәселені жабық деп санайды», - деді ол үкімет отырысында.

Пашинян Баку өз мәлімдемелерімен Армения мен Қарабаққа жасалған ауқымды шабуылды заңдастыруға тырысатынын атап өтті. Ол 14 наурызда Ереван Әзірбайжанның бейбіт келісім жасау туралы бес тармақтан тұратын ұсынысына жазбаша жауап жібергеніне сендірді.

Баку Мәскеуді «армян армиясының қалдықтары мен заңсыз армян қарулы құрылымдарының аймақтан толық шығарылуын қамтамасыз етуге» шақырды.